2024 жылғы 20 тамызда Астана қаласында «Психологиялық қолдау орталықтары: тұжырымдама, мазмұн, қызмет бағыттары» тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Іс-шараға Орталық басшысы С.А. Шокимова, басшының орынбасары И.И. Ермуханова және психологиялық қолдау бөлімінің басшысы Г.Е. Шарипова қатысты.
Семинар жұмысына «Өркен» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру-бағдарлау орталығының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің сарапшылары, сондай-ақ Астана қаласындағы психологиялық қолдау орталықтарының басшылары қатысты.
Іс-шара барысында психологиялық қолдау орталықтарының жұмыс тұжырымдамасы, негізгі қызмет бағыттары және мазмұны талқыланды. Практикалық бөлім аясында workshop және хакатон форматында сессиялар ұйымдастырылып, онда мамандар күрделі жағдайларды (кейстерді) шешу, басқарушылық дағдылар мен кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған стратегияларды бірлесіп әзірледі.
Семинар білім беру жүйесінде психологиялық қолдаудың рөлін күшейтуге, сондай-ақ өңірлік орталықтардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды диалог алаңы болды.