«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлеуметтік педагогтерге арналған секциялық отырыс өтті

20.08.2024

Педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбында секциялық отырыс өтті. Шара барысында әлеуметтік педагогтердің қызметіндегі өзекті бағыттар, тәжірибе алмасу және психоәлеуметтік қолдаудың тиімді жолдары талқыланды.

Секция жұмысының модераторы, Психологиялық қолдау орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Уаисова Сандуғаш Қанғожақызы «Әлеуметтік-педагогикалық қызметкерлердің қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Орталықтың әдіскері Жұмабаева Ырысты Серікпаевна «Отбасылық қолайсыздықтың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру» мәселесіне тоқталды.

Секция аясында нақты мектеп тәжірибелері де ұсынылды. Көкшетау қаласындағы №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Елеусізова Гүлнара Рысбекқызы мектеп есебінде тұрған оқушылармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы тәжірибесімен бөлісті. Ал Жақсын ауданы, Ешім ауылы орта мектебінің әлеуметтік педагогі Кеженова Әсемгүл Төлебайқызы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде баяндама ұсынды.

Секция соңында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған «Агрессияға қалай қарсы тұру керек» тақырыбындағы тренинг элементтерімен практикалық бөлім өткізілді. Қатысушылар өнімді және сындарлы қарым-қатынасқа бағытталған жаттығуларға белсенді қатысып, кәсіби дағдыларын шыңдады. Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 10


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст