Текст
2024 жылдың 3–5 маусым аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж базасында алдағы сессия кезінде студенттердің психоэмоционалдық жағдайын қолдау мақсатында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
🔹 Тренингтерге 1-курс студенттері қатысып, олардың күйзеліс деңгейін төмендету, сенімділік пен ішкі ресурстарды арттыру бағытындағы түрлі жаттығулар мен топтық жұмыстар жүргізілді.
🔹 Іс-шара барысында студенттер өз эмоцияларын тану, басқару, өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
🔹 Тренингтерді Психологиялық қолдау көрсету орталығының әдіскер мамандары жүргізді.
Негізгі мақсат – студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және оқу жетістіктеріне оң ықпал ету.