«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
2024 жылдың 3 мамыр күні «Степногорск каласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ базасында әдіскерлер, педагог- психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімді тәсілдері (жаңа формат)» облыстық семинары өтті.
Семинар барысында «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының кешкі мектебі» КММ-нің педагог- психологы Адильбекова Ольга Викторовна «4К: SoftSkills педагог- психолог қызметінде» атты тақырыбымен семинар қатысушыларын таныстырды.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылардың коммуникативті дағдыларын, шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлауын, топта жұмыс істей білу дағдыларын дамыту мақсатында тренинг сабақтары өткізілді.