«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық онлайн-семинар: психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары

18.07.2024

 

2024 жылғы 29 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша Н. Крупская атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында әдіскерлер мен педагог-психологтарға арналған "Психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары арқылы білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық және тұлғалық дамуына ықпал ету" тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

🔹 Семинар барысында қатысушыларға білім беру процесінің барлық субъектілерін қамтитын, оқушылардың табысты оқуына және дамуына ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
🔹 Іс-шарада педагог-психологтың кәсіби қызметінің мазмұны мен ұйымдастырылу бағыттары, психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
🔹 Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, өзара әдістемелік қолдау көрсетуіне мүмкіндік берді.

Семинар қорытындысында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ермұханова Инара Ибраимовна сөз алып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі және алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст